
IBF тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин екені белгілі. Жақында ғана канадалық Патрис Вольныйды жеңген бразилиялық былғары қолғап шебері Эскива Фалькао халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде көш тізгінін қолға алды. Осылайша ол отандасымыз Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанып отыр.