Куәгерлердің айтуынша, Skoda Superb көлігінің жүргізушісі бұрылыстан қатты жылдамдықпен келіп, Абай көшесін қиып өтіп бара жатқан жас жұпты қаққан.
Қатты соққыдан қыз бала 50 метр жерге дейін ұшып кетіп, жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмған.
Ал көлік оқиға орнынан жасарынып, тоқтамастан кетіп қалған. Тек Сайын көшесіне жеткенде көлігін тастап, оқиға орнына жаяу келіп, кінәсін мойындаған.
Оқиға орнында қазір жол полициясы мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ал жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.