Қытай оташылары жас жігіттің арқасына өсіп шыққан ісікті алып тастады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
«Хирургтер жас қытайлықты арқасына он жылдай уақыт таңып келген жүгінен құтқарды. Янь Сяоның арқасында сыртқы келбеті рюкзакқа ұқсайтын, салмағы 10 кило тартатын орасан зор ісік пайда болды. Дәрігерлер ісікті алып тастау отасының өте қауіпті екенін, бірақ оны алып тастамаса, ісіктің одан әрі ұлғайып, жігітті мүлде қозғалу мүмкіндігінен айыратынын айтты», – деп жазды «The Daily Mail» газеті.
Жалпы, бұл ісік Янь Сяоның денесіне жасөспірім кезінен өсе бастаған екен. Басында оның мойнына көлемі тауықтың жұмыртқасындай болатын ісік шыққан. Кейін ол бірте-бірте үлкейіп, арқасына қарай ауысқан. 2007 жылы дәрігерлер оған фиброматоз деген диагноз қойып, операция жасауды ұсынған. Алайда, соның алдында ғана әйелінен айрылып қалған жас жігіттің әкесі ұлына ота жасауға келісім бермепті.
Янь Сяо операция үстеліне содан алты жыл өткеннен кейін бір-ақ келді. Ота тоғыз сағатқа жуық созылған. Әзірге ол ауруханада емдеу курсын алып жатыр.
Хирургтер алғаш рет салмағы 25,5 кило болатын ісікті 2010 жылы Бразилияда алып тастаған екен. Сол кезде хирург Оскар Лопес мұндай көріністің медицина саласында алғаш рет кездесіп отырғанын айтқан еді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: Ilis.ru.
• 05 Наурыз, 2014
Қытай оташылары жас жігіт арқасындағы алып ісікті сылып тастады

«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05