Коронавирус • 11 Желтоқсан, 2021

Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды

Оған сәйкес, 9 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 9 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирус індетінен көз жұмғандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 3 науқас. 

Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында - 2 науқас.

Қостанай, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.