Тәуелсіздік • 11 Желтоқсан, 2021

Өскеменде еңселі монумент ашылды

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде еңселі монумент ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде еңселі монумент ашылды

«Тәуелсіздік монументі» қаланың жаңа 19 ықшам ауданындағы Қазыбек би даңғылының бас жағына орнатылды.

Тұғырдың бас жағында «мынау жер өздеріңе аманат» дегендей Керей мен Жәнібек тұр. Үш бұрышына қара қылды қақ жарған үш биіміз жайғасыпты. Етек жағы ба рельефті композиция. Ортасында Елбасы тұр. Қаптал жағында Абай, Алаш ордашылар бейнесі. Оң жағында Қазақ хандығына байланысты композиция кескінделген.

Күрделі мүсіндерді жасап шыққан семейлік мүсінші Нұрбол Қалиев. Айтқандай, монумент «Алтай асу» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен жасалды. Еңселі ескерткіштің ашылуына еліміздің премьер министрі Асқар Мамин мен облыс басшылығы қатысты.