Спорт • 11 Желтоқсан, 2021

Қазақстандық боксшы қарсыласын санаулы секундта нокаутқа жіберді

629 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен бокс кешінде чемпиондық атақ үшін кездесу өтіп, онда қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) түрік Хамза Гюнешке (6-0, 4 КО) қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр салмақтағы алғашқы кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Боксшылар крузервейттегі UBO Inter-Continental чемпионы белдігі үшін бақ сынасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Гюнеш бірінші раундта екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Еділ Қожамбердиев өзінің бокстағы карьерасында 11-ші рет жеңіске жетіп (11 кездесуді де нокаутпен жеңді), екінші дәрежедегі чемпиондық белдікті жеңіп алды. Ал Хамза Гюнеш кәсіби бокста алғаш рет жеңілді.