Ауа райы • 12 Желтоқсан, 2021

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 7 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорынның болжамына қарағанда 12 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертен тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15