Әлем • 12 Желтоқсан, 2021

Италияда тұрғын үйде жарылыс болды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Сицилия аралындағы Равануза қаласында тұрғын үйдегі жарылыс құрбандарының саны артты, деп жазады Egemen.kz.

Италияда тұрғын үйде жарылыс болды

ANS А сайтының хабарлауынша, жарылыс салдарынан төрт адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Құтқарушылар олардың денесін үйінді астынан шығарды.

Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған тағы бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар ауыр техниканы қолданбай жұмыс істеуде.

Сондай-ақ екі әйелдің аман қалғаны хабарланды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешке жарылыс болып, үш тұрғын үй қирап, тағы төртеуі зақымданған болатын. Алдын ала белгілі болғандай, қайғылы оқиғаға газдың шығуы себеп болған.