Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2021

Олжалы отыз жыл

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміз үшін азаттық – ең қасиетті ұғым, ал Тәуелсіздік күні – ең қас­терлі күн болғандықтан, мемлекеттің мерейін асырған осы құн­­дылықтар хақында, мәңгілік мұрат-мақсаттарымыз бен бүгін­г­і мін­деттеріміз туралы мәнді, салиқалы Тұңғыш Президент мақа­ла­сы отандастарымызды да, әлемді де жетелі ойға бұрды дей аламыз.

Олжалы отыз жыл

Сондықтан Қазақстан Тәуел­сіздігі шежіресі көшбасшы мен куәгерлер көзімен, сөзімен бүгін жазылып жатқаны – қай жағынан да жарасымды. Отыз жылда тұтас халықты бір мүддеге жұмылдыру, басты байлығымыз – адам ресурсы мен санын көбейтіп, ортамызды толтыру, түрлі сын-қатерге қарсы тұрып, төтеп беру, ұрпағымыздың мемлекетшіл сана-сезімін ояту оңайға түспеді.

Барлық салада биік белес, айтулы асу болғаны рас. Соның ішінде көңілді демдейтін, сезімді қанағаттандыратын, төзімді шың­дай түсетін түйдек-түйдек тұжы­рым­­дар жасалыпты. Тағы бір қай­тал­ап оқып көріңіздерші, дерек­тік те, тұжырымдамалық та олжаға кенелесіздер.

«Біз жаңа заманда қантөгіске жол бермей, қасиетті киеміз – Тәуел­сіздікке сабыр мен төзім­ділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткіздік».

«Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табыс­ты болып, Отаныңның да қуаты артады».

«Коронавирус дертінен туын­даған пандемия әлемдік эконо­ми­каны ғана емес, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, ғылым мен технология дамуын, жалпы адамның ойлау жүйесін айтар­лықтай өзгертті».

«Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақыт­та оның тұғырын нықтап, ең­се­сін тіктеп, абыройын асыруға қыз­мет етуге тиіс. «Мәңгілік ел» идея­сының түпкі мақсаты осында».

Түсініп оқыған, зерделеп тоқы­ған адам үшін бұл сыр-тол­ғау – азат елдің бұрынғы-соң­ғы дәуір­намасы, жылнамасы ғана емес, әрбір замандастың, келер ұрпақ­тың санасына сіңіретін сабақ, танымын кеңейтетін қоғамтану шеберлік сыныбы бола алады.

 

Дархан МЫҢБАЙ,

Мәжіліс депутаты