Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

Төрт қалада «Тілектер ағашы» бар

688 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеудесінде жаны бар әрбір адамның арманы бар. Егер ол армандарды орындау адамның қолында болса, онда неге тілектеріне өз бетінше жете алмайтын мұқтаж жандар мен кішкентайлардың алғыс-сауабына бөленбеске?!

Төрт қалада «Тілектер ағашы» бар

Алдымен «Тілектер аға­шы» қайырымдылық акциясы Қазақстанда 2014 жылдан бері өткізіліп жүргенін, жыл сайын балалардың тілектері көбейіп келе жатқанын айта кету керек. Ең бастысы, көмектесуге ниет білдірушілердің де саны да өсіп келе жатқаны қуан­тады.

Сонымен 3 желтоқсанда Charity Wish Tree қоғамдық қо­ры Қазақстанның 4 қала­сында «Тілектер ағашы» қа­йы­рымдылық акциясын іске қосты. Бұл шараның басты мақсаты – мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау, жаңа жыл қарсаңында адам­­дарға бір түйір болса да жақ­­сылық сыйлау.

Қайырымдылық акция­сына көпбалалы, аз қам­тыл­ған, патронат отбасылар, жалғызілікті отбасылар, сон­дай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала­ларды тәрбиелеп отырған жан­дар қатысып жатыр. Акция 16 жасқа дейінгі балаларды қамтиды, ал дамуында кінәраты бар балалар үшін жас шектеулері жоқ.

Жоба биыл Қазақстанның төрт қаласы Алматы, Нұр-Сұл­­тан, Шымкент және Қара­ған­­дыда іске асырылады.

– Балалардың қалауы әр­­түрлі – бұл тек машина, қу­ыр­­­шақ немесе басқа зат­тар да емес. Тілек арман­мен байла­ныс­ты болуы да мүм­­кін. Мы­салы, Виктория есім­ді балалар үйінің тәр­бие­лену­шісі стюардесса болу­ды армандады, бұл ту­­ралы бізге жазып, кейін оның ті­легі орындалды – өт­кен жылы ол формасын киіп, нағыз бортсеріктердің қам­­қорлығымен осы маман­дықтың ішкі асханасын көре алды. Балаларға мереке сый­ла­ғысы келетін кез келген адам өзі орындай алатын және жа­ғымды эмоциялар туды­ратын тілекті таң­дай алады, – дейді жоба­ның не­гізін қалаған Диана Ка­маладин.

Айтқандай, жобаға қаты­сушылар аз қамтылған, ерекше балалары бар отбасылары, «Мен сенімен біргемін» хос­писі, SOS балалар ауылы балаларының армандарын орындай алады.

«Қазір біз балалардың ма­териалдық емес тілектеріне назар аударамыз, біз баланың арманын орындағымыз келеді, мұндай балаларға шаттық сыйлайтын көңіл-күй балалардың дамуына оң ықпал етеді. Биыл бізде аквапаркке саяхат, тауға шығу, БАО-ға саяхат сияқты ерекше тілектер бар», дейді Диана.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көп ұзамай жоба өз қосымшасын іске қосады, бұл жобаны онлайн режімінде тасымалдауға мүмкіндік бе­реді.

Алматыдағы акция «Ме­га» ойын-сауық, сауда ор­талығында басталды. Сауап­қа бө­ленгісі келетіндер тілек-хат­тарды ағаштан 3 жел­тоқ­саннан бастап 12 желтоқ­санға дейін «жұлып» алуға болады.

 

АЛМАТЫ