Оқиға • 13 Желтоқсан, 2021

Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды. Бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылды

Оқиға 10 желтоқсан күні сағат 17:30-да тіркелген. Мұнай өндіретін компаниялардың біріне тиесілі «КамАЗ-21099» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі кен орнынан шығып, Темір ауданы, Кеңқияқ кентіне бағыт алған. Жүргізуші жолда рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалған.

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен түрлі дене жарақатын алған 6 жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізілді. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кеңқияқ ауылдық ауруханасы қызметкерінің мәліметіне сүйенсек, бәрінің жағдайы жақсы.