06 Наурыз, 2014

Сынақ келісім негізінде жүзеге асырылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1992 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сынақ полигондарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасын­дағы келісімді іске асыру шеңберінде 2013 жылы екі ел Қорғаныс ми­нистр­­­ліктері арасында 2014 жы­лы сынақ жұмыс­­­тарын жүргізу жоспа­рына қол қойылған болатын. Жоспарға сәйкес наурыз айында үш сынақ зымыранын жіберуді жүргізу жоспарланған еді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2014 жылғы 19 ақпанда сынақ жүргізу туралы өтінім алды. Өтінімге 28 ақпанда келісім берілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар етті. «Тополь-Э» баллистикалық зымыранын сынау 5 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00.10-да жүргізілді. Сынақ штатты режімде өтті. Оның нәтижелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің мүддесіне сай талданып, сарапталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.