Коронавирус • 14 Желтоқсан, 2021

Шымкентте карантин талабы жеңілдеді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев 13 желтоқсаннан бастап бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте карантин талабы жеңілдеді

Қаулыға сәйкес, театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына, филармонияларға, компьютер клубтарына, цирктерге «жасыл» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің 80 пайызы кіре алады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Шымкент қазір коронавирус таралуы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Кейінгі тәулікте қалада коронавирус инфекциясының 5 жаңа жағдайы тіркелді.