Міне, әлемнің адал көңілді адамзаты Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесін атап өткелі отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс адам баласын тарихта теңдесі жоқ шығынға ұшыратты. Ол миллиондардың тағдырына дақ түсіріп, жүректерге жазылмас жара салды. Сол миллиондардың бірі – мен. Бұл соғыс менің де жүрегіме міне, жетпіс жылға жуық уақыттан бері жазылмай келе жатқан қасірет табын салып кетті. 1942 жылдың қаңтар айында Абыралы жерінен әкем Теміржан Асқайұлы соғысқа аттанғанда, мен әлі қырқынан да шықпаған бесіктегі бала екенмін.
Теміржан Асқайұлы көзі ашық, оқыған, өнерлі, елінің аяулы азаматы болған екен. Әкем сол кездегі Абыралы өңіріндегі алғашқы білім ордасының бірінен саналатын, Ханқожа қыстауындағы мектепте Ғабдолла Сүйірғалиев деген татар мұғалімінен білім алыпты. Бұл мектептен кезінде профессор Ахмеди Ысқақов, академик Жабағы Тәкібаев, генерал- лейтенант Шырақбек Қабылбаев сынды еліміздің айтулы тұлғалары дәріс алған екен. Содан кейін әкем Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясын тәмамдап, бастапқыда ұстаз, кейіннен колхоз басқармасының төрағасы, ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарады. Көзі көргендердің айтуынша, ол кісі домбыраның құлағында ойнайтын күйші, жез таңдай әнші болыпты. Өз қолымен домбыра жасайтын, ағаштан ер шабатын шеберлігімен де кеңінен танылған екен. Өлең шығаратын ақындығы да болған:
Қош, құлыным, сен бесікте қаласың,
Қан майданға қарсы туған баласың... –
деген өлең жолдарын марқұм анамның аузынан талай естіген едім.
Абыралыдан 1942 жылдың қаңтарында майданға аттанған әкем сол жылдың 26 қыркүйегінде Мәскеу қаласының маңындағы Великие Луки қаласын жаудан азат ету жолындағы ұрыста, 93-ші атқыштар дивизиясының құрамында ерлікпен шайқасыпты. Сол ұрыста, сол күні хабарсыз кетіпті (мұрағат деректері бойынша.) Міне, содан бергі өткен 68 жылдан астам уақытта, “хабарсыз кетті” деген екі ауыз сөзден басқа ешбір дерек біле алмай анам да өтті өмірден. “Хабарсыз кетті” деген сөз менің де ұзақ уақыт бойы миыма жетпей, тірі кеткен адам қалайша хабар-ошарсыз болмақ, белгісіз бір жерде жерленген болар деп, іздеу салмаған әскери бөлімім, іздеу салмаған мұрағатым қалмады. Тым болмаса, қазіргі жер жерлердегі ізшілдер отрядтары бір дерек тауып, мүрдесі қалған жерді табам ба деген үмітпен әлі де күдерімді үзбей келемін.
Ұлы Жеңістің 65-ші арайлы бейбіт таңы да атты. Бүгін Абыралы жерінде соғыста шейіт болғандардың есімі жазылған тақта ашылып, мәрмәр ескерткіш ашпақпыз. Отызында опат болған қайран әкеме деген сағыныш сарқылар емес. Жетпіс жыл бойы хабарсызбын. Қабіріңнің басына туған жердің бір уыс топырағын тастай алмай, жылдар керуені жылыстап барады. Өзектегі өкініш осы. Жан әке, жалғызың сені ешқашан жадынан шығарған жоқ!
Бибігүл ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.
АЛМАТЫ.

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Нурай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:47
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Экономика • Бүгін, 11:18
Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды
Қоғам • Бүгін, 10:54
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Медицина • Бүгін, 10:49
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қоғам • Бүгін, 10:47
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 10:36
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Теңге • Бүгін, 10:18
2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады
Үкімет • Бүгін, 10:00