Коронавирус • 14 Желтоқсан, 2021

12 жасқа дейінгі балаларға екпе салынуы мүмкін бе?

4325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағында 12 жасқа толмаған балаларды иммундауға қатысты мәселе әлі шешімін таппаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

12 жасқа дейінгі балаларға екпе салынуы мүмкін бе?

«12 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының келісімі болған кезде вакцина салу мүмкіндігіне қазір елімізде тыйым салынған. Өйткені біздің қолымызда өндірушілердің нақты нұсқаулығы жоқ. Қазіргі сәтте өндірушілер ұсынған нұсқаулықта 12 жастан асқан балаларға ғана коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат», деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ол қайта вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді. Сөзіне сенсек, бәрі ақылы вакциналар пайда болған соң шешілуі мүмкін.

«Бізге өзге ақылы вакциналар келген соң азаматтардың өздеріне бір немесе екі вакцина қабылдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береміз. Бірақ ревакцинация кезінде бір доза, яғни үшінші компонентті салу ұсынылады», деді Денсаулық сақтау министрі.