Білім • 14 Желтоқсан, 2021

ҚазҰУ 2021 жылды қорытындылады

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Салтанатты шараға  мемлекет  және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар қатысты.

ҚазҰУ 2021 жылды қорытындылады

Мерейлі жылды қорытындылаған жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендік тарихындағы және Қазақстанның қалыптасуындағы ерен еңбегін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерейтойы аясында жастарды отансүйгіштікке баулу, тарихи құндылықтарды қастерлеу мақсатында университетте бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғанын жеткізді.

«Универсиет аумағында Елбасы саябағы мен Ғалымдар бағы ашылып, 1000-нан астам көшет отырғызылды. Мемлекетіміздің дамуына, отандық білім мен ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосқан түлектеріміздің, танымал тұлғаларымыздың Көшбасшылық дәрістерін өткізу – оқу орнымыздың айнымас дәстүріне айналды. Жақында білім ошағында Түркия Республикасының экс-президенті Абдулла Гүлмен үлкен кездесу болып өтті. Түркітілдес халықтарға ортақ тұлға – Жыр алыбы–Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай университетте рухани-мәдени шаралар  өткізілді. Өткен аптада ғана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі қорытындыланды. Осы онкүндік аясында оқытушылар мен студенттер Шамалған ауылындағы Тұңғыш Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында болды»,- деді университет басшысы.

Мерекелік жиында оқытушы-профессорлар мен үздік қызметкерлер «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген ерен еңбегі үшін» үлкен Алтын және Күміс медалімен, «EREN ENBEGI USHIN» медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректордың Құрмет грамотасымен марапатталды. Биылғы оқу жылында 119 жаңа білім бағдарламасы ашылды. 

Барлық қызметкерлердің жалақысы 2 есеге өсті. 

Жиын соңында қатысушылар «Мен Қазақпын!» патриоттық әні шырқалып, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

4