Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Ең белсенді волонтерлер, жанашыр меценаттар мен қоғамдық ұйымдар 7 номинация бойынша марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас белсенділер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы жемісті еңбегі мен COVID-19 пандемиясымен күресте ерекше көзге түскені үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек егемендік жарияланған алғашқы күннен бастап елімізде жастарды қолдауға және олардың өз қабілетін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Елбасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Соның арқасында 14 мыңнан астам адам әлемнің үздік оқу орындарында білім алды.
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке және жергілікті өкілді органдарға сайлау партиялық тізімдерінде жастарға квота белгіледі. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді атсалысуына ықпал ететін болады.
Жастардың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік жай-күйін арттыру жөніндегі нақты шаралар 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында көрсетілген.
«Өздеріңіз білетіндей, пандемияның бірінші толқыны кезінде 5 мың жасотандық Елбасы бастамашылық еткен «Біз Біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында 320 мың отбасыға атаулы көмек көрсетті. «Jas Otan» белсенділері Арыс пен Мақтааралды қалпына келтіруге де атсалысты. «Jas Otan»-ның қолдауымен құрылған «Biz Birgemiz!» волонтерлік қозғалысының қатысушыларымен маусым айында өткен кездесу барысында «Jastar – Otanǵa!» сыйлығы тағайындалғанын жариялаған едік. Біз бүгін соны қорытындылаймыз», деді Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, партия жастардың бастамаларын, оның ішінде волонтерлікті көтермелей отырып, одан әрі де жан-жақты қолдауды жалғастырады.
Еліміздегі әр аудан, қала мен облысқа арналған «Жастар-Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері волонтерлік жұмысқа 60 мыңнан астам жас тартылды. Бірқатар өңірлерде жастардың тұрғын үй бағдарламалары қабылданып, талапкерлерге 75 мың грант бөлінді, студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, ал резиденттер, магистранттар мен докторанттардың степендиясы 1,5 еседен астамға көбейтілді.
Партияның жастарға арналған сайлауалды уәделерінің орындалуын бақылауды «Nur Otan» партиясының Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 600-ден астам халық қалаулыларынан тұратын Жас депутаттар корпусы жүзеге асырады. Жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер партияның республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестері алаңында да қаралуда.
Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы 230 адам сыйлық лауреаттары ретінде іріктеліп алынған. Үздіктерді анықтау үшін құрылған арнайы комиссияның құрамында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, блогерлер және т.б. болды.
Сонымен, «Үздік волонтер» номинациясында «Біз біргеміз!» акциясына белсенді қатысқаны үшін Батыс Қазақстан облысынан Нұрсұлтан Қабаев пен Еуропа елдерінде гранттық негізде жастарды оқытуды ұйымдастырған шымкенттік Данара Саранова марапатталды.
«Жылдың жас қаһарманы» аталымында Жамбыл облысынан келген Жақсылық Әшірбаев сыйлыққа ие болды. Ол биыл тамыз айында әскери бөлімнің қоймасындағы өртті сөндіруге қатысып, жарақат алған.
«Jas Otan» Жастар қанатының жыл белсендісі» номинациясында Шығыс Қазақстан облысынан Әсем Шалқарова, Түркістан облысынан Нұрайым Қуандық және Ақтөбе облысынан Әлішер Тыныштық үздік деп танылды.
«Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін» аталымы бойынша сыйлықты танымал блогер Жансерік Қадырбаев алды.
Қан донорлығы бойынша мобильді қосымша – «Donorym» жобасы үшін Қарағанды облысынан Рузи Шихов «Үздік студенттік жоба» номинациясына ие болды.
Жылдың үздік волонтерлік жобалары «Love and Pet Atyrau» және «Biz Birgemiz» волонтерлік қозғалысы болды.
«Jas Otan» Жастар қанатының аймақтық үздік филиалы» номинациясы бойынша Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының филиалдары жеңімпаз атанды.
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Ұқсас жаңалықтар