Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу ұйымдастырылады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Алматы қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, мерекелік отшашу «Астана» алаңында (ҚБТУ ғимаратына қарама-қарсы) сағат 21.00-де басталады.

Қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан астам түрлі іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Мысалы, 15 желтоқсанда №1 Оқушылар үйінде «Жаса, қазақ елі» концерті өтеді, сол күні Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады, сонымен қатар Сайран көлінің жағасында жастардың қатысуымен эко-акция өтеді.

16 желтоқсанда «Тұран» университеті флешмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан» операсының премьерасы көрсетіледі.

Тәуелсіздік күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.