Елорда • 15 Желтоқсан, 2021

Елорданың бас онкологы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас онколог Мұхтар Есжанұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың бас онкологы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Фото: Александр Куприенко

«Пандемияның негізгі соққысы медицина қызметкерлеріне тиді. Алғашқы күннен бастап олар алдыңғы шепте коронавируспен күресті. Қала тұрғындарын аталмыш инфекциядан бөлек басқа аурулардан да емдейді. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының медицина ұйымдарының дәрігерлері, орта және кіші буын қызметкерлері жалпы 350-ден астам маман түрлі медальдармен, наградалармен марапатталды.Е

Мұхтар Есенжанұлы қаламыздың бас онколог маманы. Оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Пандемия басталғалы бері Мұхтар Есенжанұлы науқастарды емдеу үшін төсек-орындар дайындап, шетелден келген алғашқы науқастарды қабылдады, жаңа инфекциялық стационардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Ол басқаратын көпбейінді медициналық орталық COVID-19 инфекциясынан 15 мыңнан астам науқасты емдеді.

Сонымен қатар, үйлесімді жұмыстың арқасында орталықтың онкологиялық бөлімшесінің жұмысы бір күнге тоқтаған жоқ. Онкологиясы бар 8 мыңнан астам пациент емделді, 3 мыңнан астам операция жасалды. Карантин кезінде онкопациенттерге дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша инсульт орталығы ашылды, ол жоспарлы және шұғыл пациенттерді қабылдайды.

Елорданың бас онкологын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтаймын! Мұхтар Есенжанұлы тағы да жүздеген науқасты аяққа тұрғызатынын білемін!

Ел басшылығы медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды жалғастырамыз», деп жазды елорда әкімі.