Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2021

Қазақстандық боксшы «Матадормен» жекпе-жекке дайын

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев кезекті жекпе-жегіне дайындығын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы «Матадормен» жекпе-жекке дайын

«Мінекей, кезекті жаттығу жұмыстары өзінің мәресіне жетті. Ертең жекпе-жек өтетін Сан-Антонио қаласына ұшамыз», деп жазды боксшы инстаграмдағы  парақшасында.

Руслан Мадиев 18 желтоқсан күні (Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан күні таңертең) АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық Луис Эрнандес Рамоспен (лақап аты – Матадор)  қолғап түйістіреді. Рейтингілік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.