Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2021

Дмитрий Митрофанов: Қазақстан – бокс астаналарының бірі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі WBO Oriental чемпионы, украиналық кәсіпқой боксшы Дмитрий Митрофанов 18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Берікбай Нұрымбетовпен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дмитрий Митрофанов: Қазақстан – бокс астаналарының бірі

«Мен қай кезде де жекпе-жекке дайынмын. Қарсыласым қазақстандық мықты боксшы екенін білесіздер. Аталған елдің кез келген боксшысының техникалық арсеналы бай. Сондықтан кездесу оңай өтпейді. Өйткені Қазақстан – бокс астаналарының бірі», деді боксшы баспасөз мәслихатында.