Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы жеке қорының ашылу салтанаты өтті.

Мұнда егемен елдің Елтаңбасын жасаған автор Жандарбек Мәлібекұлының өмір жолы мен шығармашылығы, тың туындыларының түпнұсқа жобалары, қолжазбалары мен сүбелі сұхбаттары, жарияланған еңбектері, фото-бейнематериалдары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ұлттық архивтің 15 жылдығы қарсаңында мәңгілік сақтауға алынды.
Салтанатты іс-шараға мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мірболат Жақыпов, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Қошқарұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Байқоңыр Ижанұлы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдықов сынды белгілі тұлғалар қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Ұлттық архивтің жеке тектік қорына қабылданған Жандарбек Мәлібекұлының құнды құжаттары мен қолжазба-сызбаларының қаншалықты маңызды екенін айта келіп, Елтаңба авторының үлгі боларлық бастамасына алғысын білдірді. «Мемлекетіміздің Елтаңбасының авторы ретінде ғана емес, көптеген елдегі сәулетті ғимараттардың архитекторы ретінде, қазақ халқының санғасырлық сәулет өнерін бойына сіңірген дара тұлға ретіндегі сіздің құнды жазбаларыңыз бен эскиздеріңіз Ұлттық архив қорында келешек ұрпаққа аманат ретінде сақталатын болады», деп атап өтті С. Есімсейітқызы.
С.Негимов Елтаңбаның әрбір деталіне тоқталып, киіз үй туралы, жылқының ең алғаш қолға үйретілгені туралы қызықты мәліметтерімен бөлісті. Ал Ж.Жұмат-Әлмашұлы жуырда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы туралы пьеса жазып шыққанын және ол туынды жақын арада ел театрларында қойылатынын сүйіншіледі. Өз кезегінде салтанатты шараға шақырылған мәртебелі меймандар Жандарбек Мәлібекұлының ел біле бермейтін қырлары, Елтаңбаның еліміз үшін маңызы туралы жан-жақты мәліметтерімен бөлісіп, аталған шараның мән-маңызын ұлғайта түсті.
Кеш соңында Жандарбек Мәлібекұлы Ұлттық архив ұжымына алғысын білдіре келе, көзінің қарашығындай сақтап келген дүниесін келешек ұрпаққа жеткізер деген үлкен сеніммен табыстап отырғанын айтты.«Тарихты сақтайтын архив. Сондықтан ел ағалары ертеңгі ұрпаққа үлгі болатындай құнды дүниелерін архив қоймаларына табыс етуді қолға алу керек», деді.
Сонымен қатар Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрлановаға алғыс ретінде өз жобасымен құйылып әзірленген, Елтаңба пішініндегі әшекей бойтұмарды сыйлады. Мәңгілік елдің қоржынында мәңгілікке сақтауға алынған бұл алтын қор болашақ ұрпақтың отансүйгіштігі мен ұлтжандылығын оятатын, мақтан ететін рухани мұра деп білеміз.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар