Экономика • 16 Желтоқсан, 2021

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады

Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов хабарлады.

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін тағы бір мақсатта қолдануға болады. Енді БЗТ арқылы жер учаскесін сатып алуға болады. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке үй телімі болуы керек», деді Нұрлан Ақшанов. 

Оның айтуынша, 24 айдың ішінде сол жер учаскесінде үй салып, банкке растау үшін қажет құжаттарды өткізу керек.

«Оның ішінде, пайдалануға беру актісі және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы куәлік бар», деді  «Отбасы банк» өкілі.