Елорда • 16 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтанда «Тең қоғам» балаларды оңалту орталығы ашылды

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оңалту орталығы ашылды. Орталықта ерекше қажеттіліктері бар балалар мамандардың сапалы қызметтерін тегін ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда «Тең қоғам» балаларды оңалту орталығы ашылды

Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

«Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ата-аналар мен балаларды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 30 жыл ішінде біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бірақ өзекті мәселелер әлі де көп. Сондықтан біз оның да шешімін табу үшін бірігіп жұмыс істегіміз келеді. Әрбір жанұяға зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін!», деді А.Оралов.

Айта кетейік, жобаны елорда әкімдігі мен «Бақытты шаңырақ» қоры жүзеге асырды.
«Тең қоғам» орталығы мүгедек балалары бар отбасылар үшін арнайы ашылды. Жаңа туған балалар мен 18 жасқа дейінгі балаларға көмектесеміз. Мұнда білікті мамандар бар. Орталықта сегіз ассистент жұмыс істейді. Олар әр отбасының жағдайын біледі және оларға көмектеседі», деді «Тең қоғам» орталығының жетекшісі Салтанат Рақышева.

Орталықты ашудың маңыздылығын ата-аналар да атап өтті. Бұл орталық көпшілік үшін үлкен көмек болып саналады, өйткені мұнда балалар логопедтермен, психологтармен тегін жұмыс істейді, сауықтыру массажын, емдік дене шынықтыруды алады және монтессори әдістемесі бойынша оқытылады.

Елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды. Қала аудандарында 29 «үйдегі дәрігер» нысаны ашылды, инватакси саны 2 есе артты.

Жаңа үйлердің бірінші қабатында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар және т.б. ашылады. Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мысалы, «Асыл Мирас» жаңа аутизм орталығы, бұл аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Ол жыл сайын сал ауруына шалдыққан 600-ге жуық баланы тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.