Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2021

Павлодар облысында тазартылған күнбағыс майы өндірілетін болады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа желі Тәуелсіздік күні «Павлодар агрокешені» ЖШС-ің базасында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz аймақтық басылымға сілтеме жасап.

Павлодар облысында тазартылған күнбағыс майы өндірілетін болады

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысының Жоба жеке инвестор мен «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының әріптестігі шеңберінде жүзеге асырылды. Осының арқасында өңірде жергілікті тазартылған күнбағыс майын өндіру басталды. Жаңа өндірістің құны 185 миллион теңгеге жуық.

VNB_1477.jpg

- Біз қазірдің өзінде жыл сайын 5 мың тонна күнбағыс тұқымдарын өңдейміз, жаңа желі іске қосылған соң 960 тонна тазартылған май алатын боламыз, - дейді «Павлодар агрокешені» ЖШС-ің басшысы Кирилл Печенкин. – Бұрын біз өзіміздің өнімімізді Өскеменде тазартудан өткізетінбіз, бұл оның өзіндік құнына әсер ететін. Қазір бұл жұмысты өзіміз жүргіземіз. Енді біз «Жаңа май» брендін тіркеп, оны дүкендерге жеткізе бастадық.

VNB_1526.jpg

Компания басшысымен бірге өндірісті іске қосудың символикалық тетігін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та басты. Ол кәсіпорын басшылығына табыс тілеп, өндірісті кеңейткен жағдайда барынша қолдау көрстеуге уәде берді.