Спорт • 17 Желтоқсан, 2021

Айзада Мүптілда ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде үздік төрттікке енді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық споршы жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Айзада Мүптілда ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде үздік төрттікке енді

Әйелдер арасында 87 килодан жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда әлемдік сынды төртінші орынмен тәмамдады. Ол жұлқа көтеруде 120, серпе көтеруде 152 килоны еңсерді. 

Қоссайыс нәтижесі бойынша Айзада 272 килоны көтеріп, төртінші орынға табан тіреді.