Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда қанша адам «Pfizer» екпесін салдырды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қанша адам «Pfizer» екпесін салдырды

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Pfizer» препаратының І дозасын – 205 911, ІІ дозасын 34 293 адам салдырды.

Оның ішінде егілді:

І компонентпен

Жасөспірімдер – 163 438,

Жүкті әйелдер – 12 344,

Бала емізетін әйелдер – 30 114.

ІІ компонентпен

Жасөспірімдер – 25 926,

Жүкті әйелдер – 2 474,

Бала емізетін әйелдер – 5 891.