Спорт • 18 Желтоқсан, 2021

Денис Кузин Төрт құрлық чемпионатында «алтын» алды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Төртқұрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денис Кузин Төрт құрлық чемпионатында «алтын» алды

Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім еткендей, ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды.

Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңімпаз – Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленді.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.