Қоғам • 18 Желтоқсан, 2021

«Нұр-Сұлтан-Қарағанды» автожолында бірнеше көлік соқтығысты

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр-Сұлтан-Қарағанды» трассасында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нұр-Сұлтан-Қарағанды» автожолында бірнеше көлік соқтығысты

«Бір тәулікте қалада 76 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда күн райының құбылмалығына байланысты жүргізушілер жолдағы қозғалыста барынша сақ болғаны жөн. Көлікті басқару кезінде түрлі гаджеттерге және телефонға алаңдамай, жолдағы қауіпсіздік ережесін ұстану керек», деп ескертті қалалық полиция департаменті.

Таратылған мәліметке қарағанда, 17 желтоқсан күні, сағат 14:13 кезінде «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» жолы бойымен Армандастар көшесіне қарай бағытта Audi көлігінің 34 жастағы жүргізушісі «Volkswagen» маркалы автомобиліне соғылған. Бұл көлік қатты екпіннен алдында тұрған «Skoda» автомашинасына барып соғылды.

Осыдан кейін қарсы жолаққа шығып кеткен Audi-ді Kia автокөлігі келіп жанап өткен. Бұл жерде тағы бір Honda маркалы көліге де апатты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen маркалы көлігінің үш жолаушысы дене жарақаттарын алды. Дәрігерлер тексергеннен кейін, олар үйлеріне жіберілді. Тексеру жүріп жатыр.

«Бір тәулікте қалада 76 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда күн райының құбылмалылығына байланысты жүргізушілер жолдағы қозғалыста барынша сақ болғаны жөн. Көлікті басқару кезінде түрлі гаджеттерге және телефонға алаңдамай, жолдағы қауіпсіздік ережесін ұстану керек», деп ескертті қалалық Полиция департаментінен. Полицейлер жаяу жүргіншілер де жолдағы ережелерге мән беруі керектігін ескертті.