Әлем • 19 Желтоқсан, 2021

Әзірбайжан Арменияға әскери тұтқындарды қайтарды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзірбайжан Еуроодақтың делдалдығымен армян текті 10 әскери қызметкерді босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірбайжан Арменияға әскери тұтқындарды қайтарды

Бұл қадам Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің бастамасымен 14 желтоқсанда Брюссельде өткен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның үшжақты кездесуінің қорытындысы бойынша жасалды.

 Бұл туралы Әзірбайжанның әскери тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткен және кепілге алынған азаматтармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хабарлады. 

Айта кетейік, экстрадицияланған адамдар 2021 жылдың 16 қарашасында ұсталған.