Хоккей • 20 Желтоқсан, 2021

Даррен ЦСКА-ға ауысты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елордалық «Барыстың» ең көп жалақы алатын хоккейшісі Даррен Диц командадан кетті. Шық­қан тегі канадалық спортшы карье­расын Мәскеудің ЦСКА командасында жалғастыратын болды.

Даррен ЦСКА-ға ауысты

28 жастағы канадалық хоккейші 2017 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Ба­рыстың» жейдесін киген еді. Арада бір жылдан аса уақыт өткен соң ол Қазақстан азаматтығын алып, шайбалы хоккейден ұлттық құрамамыздың сапында халықаралық ареналарда ойнай бастады. «Барыс» сапында өткізген соңғы бес маусымның ішінде Диц әр жылдары ҚХЛ-дің ең үздік қорғаушысы, ең көп гол соғатын қорғаушы-сұрмерген деген атаққа қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы астаналық клуб сапында жалпы саны 269 кездесу өткізіп, 174 ұпай (67+107) жинады. Даррен Диц «Барыстың» ең қымбат ойыншысы ретінде есте қалмақ. Түрлі бонустар мен сыйақыларды есептемегенде, Диц жылына 100 миллион рубль (шамамен 597 337 300 теңге) көлемінде жалақы алып келген еді.