Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021

Шекараның өткізу пункттерінде қайта құру жұмыстары басталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

 

Шекараның өткізу пункттерінде қайта құру жұмыстары басталды

«Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру мен цифрландыруды жалғастыратын болады. Бұл кешенді шараларды іске асырумен байланысты. Біріншіден, тәуекелдерді басқару жүйесінде жасанды интеллект қолдану адами факторды болдырмауға және бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан, жасанды интеллектті жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Екіншіден, ірі салық төлеушілердің «Горизонталды мониторинг» жобасын барынша кеңейту. Жобаның негізгі мақсаты - салық төлеушілердің тәуекел операциялары мен олардың салық заңнамасын бұзу туралы ақпараттарын салық төлеушілердің ақпараттық жүйелерінде онлайн-қолжетімділік орнату арқылы уақытылы ескерту. Бұл ірі кәсіпорындарға айыппұл салмай таза жұмыс істеуіне және шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол кедендік инфрақұрылымды жаңғырту және трансшекаралық сауданы бақылауды күшейтуге тоқталды.

«Алдында айтып өткендей, 10 өткізу пунктін қайта құру/жаңғырту жұмыстары басталды. Оны 2024 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, бізде заманауи стандарттарға толық жауап беретін өткізу пункттері болады. Жақында заңсыз сауда айналымымен күресуге және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары қабылданды», деді Е. Жамаубаев.