Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021

«Уральские авиалинии» Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерін ашады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Уральские авиалинии» әуе компаниясы 2021 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерін кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уральские авиалинии» Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерін ашады

Рейстер А320 әуе кемесімен келесі бағыттарда орындалады:

- Нұр-Сұлтан-Екатеринбург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);

- Нұр-Сұлтан-Красноярск, аптасына 1 рейс (бейсенбі);

–Нұр-Сұлтан-Жуковский, аптасына 3 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі);

-Алматы-Санкт-Петербург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);

- Алматы-Екатеринбург, аптасына 1 рейс (жұма).

Әуе рейстері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшуды қайта бастау Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Ресей Федерациясының аумағына жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.