Саясат • 20 Желтоқсан, 2021

Бейжің Вашингтонмен қақтығыстан қорықпайды – ҚХР СІМ басшысы

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қытай АҚШ-пен ынтымақтастықты құптайды, бірақ қақтығыстан қорықпайды, ал егер қарама-қайшылық туындап жатса, соңына дейін күреседі», деді ҚХР сыртқы істер министрі Ван И. Сондай-ақ ол екі держава арасындағы қарым-қатынас жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің Вашингтонмен қақтығыстан қорықпайды – ҚХР СІМ басшысы

«Қытайдың ұстанымы айқын. Ынтымақтастық жолындағы барлық дұрыс қадам құпталады. Ал басқаша болса біз қарсыласудан қорықпаймыз және жеңіске жеткенше күресеміз»,  деді Ван И қазіргі халықаралық жағдай мен Қытай дипломатиясына арналған конференцияда.

Ван И ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы болатынын, ал қақтығыс бәріне зиян тигізетінін атап өтті.

«АҚШ-тағы кейбір адамдар басқа елдердің дамуға құқығы бар екенін мойындағысы келмейді. Қытайдың үнемі нығайып, дамып келе жатқанын қабылдай алмайды. Қытай мен АҚШ өзара тиімді ынтымақтастық жолына түсуі мүмкін екендігімен келіскісі келмейді және Қытайды тежеуге тырысады. Олай болмайды», деп қорытты ол өз ойын.