Ақтөбе облысында сағат 13.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Ақтөбе-РФ шек» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің Telegram каналында.