Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2021

«Канело» мен Бетерибиев жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды

3575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік боксшы Артур Бетербиев кезекті жекпе-жегінде америкалық Маркус Браунды нокаутпен жеңгеннен кейін мамандар мен боксшылар «Канело» - Бетербиев арасындағы шайқасты көргісі келетіндерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канело» мен Бетерибиев жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды

17 кездесуде қарсыластарының барлығын нокаутпен жеңген Артур Бетербиевті сынағандар да кездесті. Олардың қатарында бұрынғы боксшылар Андре Уорд пен Тони Белью бар.

«Менің ойымша «Канело» Бетербиевті тоқтатады. Бұрыннан-ақ Артурдың кездесулеріндегі олқылықтарды байқап келемін. Тіпті «Канелоның» оны қандай соққымен құлататынын да білемін. Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде Сауль Альварес күш жоғалтпайды. Оны Сергей Ковалевке қарсы кездесуінде көрдік. Бетербиевке қарсы да сол нәтижені қайталай алады», деді Тони Белью.

Естеріңізге сала кетейік, екінші орта салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы саналатын мексикалық боксшы Сауль Альварес бірер жыл бұрын жартылай ауыр салмақ дәрежесіне көтеріліп, сол кездегі WBO чемпионы Сергей Ковалевті нокаутпен жеңген болатын. Енді Альварес жартылай ауыр салмақты қоя тұрып, бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атануды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50