Төтенше жағдайлар министрлігі 19 желтоқсанда «Лаззат» асханасында болған оқиғаға қатысты алдын ала мәлімет берді.
«Жарылыс екі пропан цистерна сақталған асханада болды. Салдарынан 40 шаршы метр аумақты және ғимараттың төбесін, сондай-ақ тұрмыстық техниканы өрт шарпыған», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары тобы оқиға орнына 14:23-те жетіп, 14:54-те өртті толықтай сөндірді.