Спорт • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда каратэден Азия чемпионаты өтіп жатыр

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда каратэден кадетер, жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Ертең ересектер татамиге шығады деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда каратэден Азия чемпионаты өтіп жатыр

Құрлық додасы алғашында Кувейтте өтуі тиіс болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегеріліп, Алматыда ұйымдастырылып жатыр. 

Қазақстандық федерацияның ұсынысы бойынша аталған Азия чемпионаты команданың бас бапкері, осыдан бір жыл бұрын өмірден өткен Жасталап Санауовтың рухына арналған. 

Біріншілікке 23 елден 450 спортшы қатысуда. Олардың қатарында катадан Олимпиада чемпионы Ре Киюна да бар. 

Сондай-ақ, Қазақстан намысын Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов, Дидар Әмірәлі, Еркінбек Байтөреевтер қорғайды. 

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның ең басты қарсыласы – Иран құрамасы болмақ.