Оқиға • 20 Желтоқсан, 2021

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейндегі суға тұншығып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен және 306-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.