Спорт • 21 Желтоқсан, 2021

Үздіктер қатарынан көріне алмады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анкарада (Түркия) волейболдан әйел­дер арасындағы клубтық әлем чем­пионаты аяқталды. Бұл жа­рыста Өс­кеменнің «Алтайы» тек Қа­зақ­станның ғана емес, Азия құрлы­ғының намысын қорғады.

Үздіктер қатарынан көріне алмады

«Алтай» әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бразилияның «Минас» және Ыс­танбұлдың «Вакифбанк» клубтарымен ойнады. Жерлестеріміз әр құрлықтың үздіктері жиналған біріншіліктегі алғашқы кездесуін былтырғы Оңтүстік Америка құрлығының ең үздік ұжымы деп танылған «Минас» клубымен өткізіп, үш партияда 20:25, 22:25, 18:25 есебімен жеңіліп қалды. Екінші матч­та Ыстанбұлдың «Вакифбанк» ұжымымен шеберлік байқасқан «Алтай» бұл жолы да жеңілді. 2013, 2017 және 2018 жылдары клубтық әлем чемпионатында топ жарған Түркия волейболшылары 3:0 (25:13, 25:10, 25:17) нәтижесімен жеңіске жетті.

Финалдық сайыста Италияның «Карраро Имоко» клубынан 3:2 (25:15, 22:25, 25:22, 22:25, 15:7) есебімен басым түскен «Вакифбанк» төрт дүркін әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.