Өнер • 21 Желтоқсан, 2021

Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26 желтоқсан күні Orda және Ninety One тобы бірлескен концерт ұйымдастырмақ. Осыған орай, Daryn Online республикалық білім беру платформасының ұйытқы болуымен «Orda & Ninety One. Эксклюзивті онлайн концерт» атты баспасөз жиыны өтті, деп жазады Egemen.kz.

Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды

Шараға JUZ Entertainment басшысы, продюссер Ерболат Беделхан, Daryn Online білім беру платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай, тележурналист Асхат Садырбай қатысты.

Концерт 26 желтоқсанда оффлайн және онлайн форматта өтеді.  Ән кешінің онлайн форматта арнайы juz.daryn.online платформасынан тамашалауға болады.

«Daryn online-мен бірге жұмыс жасамас бұрын ұзақ зерттедім. Аталған IT-компаниямен құндылықтарымыз да ортақ екен. Ол - қазақша контентті экпорттау, әлемдік нарыққа шығу, ұлтқа қызмет ету. Онлайн концерт жасайық деген ұсыныс та біздің тарапымыздан болды», деді Ninety One тобының продюссері Ерболат Беделхан.

«Шетелде онлайн концерт көру мәдениеті жақсы қалыптасқан. Біздің мақсат - сол мәдениетті Қазақстанда қалыптастырып, IT-техникалық деңгейімізді шетелге көрсету. Себебі қазірдің өзінде онлайн-концертке билет алғандардың 15%-ы Филиппин, Малайзия, Белоруссия және индонезиялықтар», деді Daryn online білім беру платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай.

1

Бұл шара аталған топтардың елде бірлесе қолға алған соңғы концерті болуы ықтимал. Себебі, Ninety One тобы АҚШ-қа кетуді жоспарлап отыр. Қазақ өнерін әлемдік нарыққа шығаруды көздеймін деген продюссер Ерболат Беделхан осы тақырып төңірегінде де ойымен бөлісті.

«Бір орында тұрып әлемдік нарыққа ене алмаймыз, қазақ өнерін экспорттай алмаймыз. Қазіргі таңда еліңді, ұлтыңды жарнамалап, танытудың басты қаруы музыка. Ендеше сол музыка құдіретімен құндылықтарымызды көтеріп әрі көрсете білуіміз тиіс», деді Ерболат Беделхан.