Елорда • 21 Желтоқсан, 2021

Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімін беру жоспарлануда. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі

Нұр-Сұлтан  қаласының мынадай білім беру ұйымдарына: 

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;

4) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына  Ыбырай Алтынсариннің есімін беру жоспарлануда.

Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.