Елорда • 21 Желтоқсан, 2021

Пиротехника: Елордалық полицейлер қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады, деп жазады Egemen.kz.

Пиротехника: Елордалық полицейлер қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Осыған байланысты елорда аумағында 2021 жылдың 15 желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 қаңтары аралығында «Пиротехника-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:

- пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);

- балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;

- қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;

- пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;

- ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;

- көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;

- білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;

- жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.