Пікір • 22 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік – бізге аманат

1160 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, 1991 жылғы 16 желтоқ­санда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады.

Тәуелсіздік – бізге аманат

Тұңғыш Президент бұған «Біз, қазақстандықтар, ұлт өр­леуінің қазақ дәуірінің негізін қалаушылар мен бас­тау­­­шылар болдық. Бұл біз­дің асыл уақытымыздың және біз­дің барлық ұлы жетістік­тері­міздің ең дәл атауы», деп баға берген болатын. Елбасы «Egemen Qazaqstan» газетінде жа­рияланған «Тәуелсіздік тағы­лымы» атты мақаласында да тәуелсіздіктің қалай кел­ге­ніне егжей-тегжейлі тоқталады.

Тәуелсіздік – әрбір адам­ның, ұлттың, халықтың, елдің ер­кіндігі. Өз алдына дербестігі, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаны. Әлемде өз тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған, оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы қалыптасқан екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Сондай-ақ дербес тәуелсіздігі жоқ қаншама ұлт жойылу алдында тұр. Бір сөзінде Тұңғыш Президентіміз «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, бола­шақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», деген еді.

Бүгінгі бейбіт күннің кепілі болған ел егемендігіне жету үшін бабаларымыз сан ғасыр­лар бойы күресіп, қасиетті жері­міз­ді бізге мұра етіп қалдыр­­ды. Тәуелсіздік азап пен төзім­нің, еркіндікті аңсаған шыдамның өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде таныл­ғанына міне, ширек ғасыр­­дан асты. Тәуелсіздік мере­кесін бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінетін жағ­дайға жетті. Бейбіт елдің ең басты жетістігі ұлтаралық татулық пен береке-бірлік екені сөзсіз. Бұл ұлы күнді келер ұр­пақтың санасына сіңіріп, бақытты ел­де өмір сүріп жатқан­дарын бағалауға үйрету керек.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­­ды­ғында біздің жет­кен жетіс­тігіміз ұшан-теңіз. Өзіміздің белгіленген ше­кара­мыз, дініміз бен тіліміз, мем­лекеттік рәміздер мен ұлт­тық құндылықтарымыз, мәде­ниет пен салт-дәстүріміз бар тәуелсіз зайырлы елге ай­налдық. Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – бұл біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – өркендеген және қуатты Қазақ­станды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру». Бүгінгі заман білімнің, жаңа өркениеттің заманы. Білімді ұрпақтың тың ойлары мен жобалары еліміздің жаңа белеске шығуына жол салады. Егеменді еліміздің Көк туын желбіретіп, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ету басты парызымыз деп білемін.

 

Ерлан ДАКЕНОВ,

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты,

Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық  филармонияның бас директоры