Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021

Өскеменде бұралқы иттерді ату басталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде бұралқы (қаңғыбас) иттерді жаппай ату басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Өскеменде бұралқы иттерді ату басталды

17 желтоқсанда «Красинец» бау-бақша серіктестігі аумағында белгісіз жануардың шабуылынан кейін 7 жасар қыз қайтыс болған еді. Алған жарақаттарына қарап, қызға жануар шабуыл жасағаны белгілі болды. Қайғылы оқиғадан кейін мамандар бұралқы иттерді атуға шешім шығарды.

Қаңғыбас иттер төтенше жағдай болған Лесхоз ауылында ұстала бастады. Сонымен қатар, бұл жұмысты бүкіл қала бойынша жүргізу жоспарланып отыр.

Кейінгі үш күнде 85 ит атылғаны анықталды. Өскеменде осы мақсатқа биыл 17 миллион теңге, облыс бойынша 80 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған.

Телеарна мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 24 мыңнан аса қаңғыбас ит пен мысық жойылған. Зоотехниктер мұндай шараға қарсы, бірақ ветеринария басқармасы қазір басқа шешім жоқ екенін мәлімдеді.

«Кейбір кезде азаматтар мен жануарлар құқығын қорғаушылар қарсылық көрсетеді. Алайда қаңғыбас ит бір адамға емес, қоғамға қауіпті. Сондықтан бұл жұмысты учаскелік инспекторлармен бірге жалғастырып жатырмыз», деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ертай Батхолдин.