Үкімет • 22 Желтоқсан, 2021

Мамин солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алдағы жылы Қазақстанның Солтүстік және Шығыс өңірлерін газбен қамту жоспарын әзірлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Мамин солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды

«Осы жылдың соңына дейін отын-энергетика кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасы қабылдансын. «ҚазТрансГаз»-бен бірге 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесі бойынша кешенді жоспарды әзірлеуді қамтамасыз етсін.

Үшіншіден, Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен, «Самұрық-Қазына» қорымен және жеке энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, электр станцияларын жаңғырту мен жаңаларын салуды қаржыландыру механизмін әзірлесін», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр алдағы жылы бірқатар өнеркәсіпті іске қосу керектігін міндеттеді.

«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін полипропилен өндіру зауытын іске қосуды қамтамасыз етсін, сондай-ақ Атырау облысында полиэтилен өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды бастасын. Одан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлкен әлеуетінің болуын ескере отырып, Қазақстанда «жасыл энергетиканы» дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет», дейді ол.