Соңғы деректерге сенсек, бос тұрған WBO International белбеуін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов иеленуге тырысып көрмек. 15 қаңтарға жоспарланған бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін Мейірім Нұрсұлтанов пен ресейлік Андрей Сироткин аталмыш белдікті сарапқа салады.
Ақтауда өтетін бокс кешінде Мейірім WBO International белбеуін Қазақстанда қалдыруға бар күшін салады.