Кәсіпқой бокс • 22 Желтоқсан, 2021

Ойымдағыдай бокс көрсете алмадым – Данияр Елеусінов

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойымдағыдай бокс көрсете алмадым – Данияр Елеусінов

«Өз елімде, отбасым мен достарымның алдында шаршы алаңға көтерілгенім үшін бек қуаныштымын. Алайда өзімді қатты қыспаққа алған сияқтымын. Неге десеңіздер, өте жоғары деңгейдегі бокс көрсеткім келді. Соңғы үш шайқастағы деңгейден түспеуді мақсат тұттым.

Екінші раундта Хуан Эрнан Леалді екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін сол қолымды жарақаттап алдым. Ал ол барынша қорғанысқа назар аударды. Сондықтан да жекпе-жек мен ойлаған деңгейде өтпеді. Жарақат алғаннан кейін қысымды азайтып, барынша сауатты қимылдауға тырыстым. Нәтижесінде кәсіби мансабымда алғаш рет 12 раунд бойы жұдырықтастым. Бұл да бір жақсы тәжірибе шығар», дейді боксшы.