Жекпе-жек • 22 Желтоқсан, 2021

Мамырда Макгрегормен кездескім келеді – Чарльз Оливейра

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Чарльз Оливейра келесі жекпе-жегінде ирландиялық Конор Макгрегормен октагонда кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамырда Макгрегормен кездескім келеді – Чарльз Оливейра

«Конор мені жекпе-жекке шақырып жүргенін баршаңыз білесіздер. Бұл кездесуді мен де қалаймын. Екеуміздің шайқасымызды бізден бөлек әлем фанаттары көргісі келетіні даусыз. Сондықтан менің ойымша мамыр айында Рио-де-Жанейро октагонында шайқасуға болады. Кеттік, Конор! Жекпе-жек жеңіл, жартылай орта және орта салмақтың кез келгенінде өте берсін. Бәске маған тиесілі әлем чемпионы атағы қойылса да, қойылмаса да бәрібір. Ең бастысы сегіз бұрыш ішінде Конормен күш сынасуға дайынмын», дейді спортшы.