Әлем • 22 Желтоқсан, 2021

Түрік лирасы күшейе бастады

805 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валютаны нығайтуға бағытталған жаңа жоспар жариялағаннан кейін екі күнде түрік лирасы күрт өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік лирасы күшейе бастады

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті.

Сейсенбіде лира сауда-саттық бойынша 8,6 пайызға төмендеп, кейін дүйсенбідегі деңгей өзгеріп, 18,5 пайызға көтерілді.

Ердоғанның айтуынша, Анкарадағы Үкімет ұлттық валюта бағамының төмендеуі банктер уәде еткен пайыздық мөлшерлемеден асып кетсе, салымшыларының шығындарын өтейді. Президент кеңесшісі Джемиль Эртем Reuters агенттігіне бұл қадамдар жеке инвесторлардың долларға деген сұранысын төмендететінін, бұл Түркия экономикасы үшін өте маңызды парадигма ауысуы екенін айтты.

Орталық банк мәліметі бойынша, жергілікті тұрғындардың жинақтарының жартысынан көбі шетел валютасы мен алтын түрінде сақталған. Бұл ұзақ жыл бойы лира құнсыздануынан туындаған сенімсіздіктен болған. Лира жылына шамамен 60 пайызға төмендеді.

«Алдын ала есептеулеріміз лираның пайыздық мөлшерлемесімен салыстырғанда, тағы да төмендеуі алты ай ішінде бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің шамамен 1 пайызына арттыруы мүмкін екенін көрсетеді», деді JPMorgan сарапшылары.